Дара сөз
Түбір сөз
Түбір сөз — сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі.
Туынды сөз
Туынды сөз түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Күрделі сөз
1. Біріккен сөз
Біріккен сөз — екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз.
| Кіріккен сөз | Жасалуы |
|---|---|
| биыл | бұл жыл |
| бүгін | бұл күн |
| әкел | алып кел |
| апар | алып бар |
| ендігәрі | ендігіден әрі |
| жаздыгүні | жаздың күні |
| білезік | білек жүзік |
| қарлығаш | қара ала құс |
| ағайын | аға іні |
| сексен | сегіз он |
| сәресі | сахар асы |
2. Қос сөз
Қос сөз — сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Екі түрі бар: қайталама және қосарлама.
Қайталама қос сөз
Сыңарлары бір түбірден жасалады (көре-көре, тау-тау). Жасалу жолдары:
- Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан: үлкен-үлкен, су-су, қора-қора, ұсақ-ұсақ.
- Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан: бара-бара, айтып-айтып, көзбе-көз, он-ондап.
- Бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап: кісі-місі, шай-пай, жалт-жұлт, мәре-сәре, нан-пан.
- Бір сыңары ықшамдалып: теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр.
Қосарлама қос сөз
Сыңарлары әртүрлі түбірден жасалады (үлкен-кіші, алыс-жақын). Жасалу жолдары:
- Сыңарлары синонимдес: ыдыс-аяқ, ашу-ыза, өнер-білім, қауіп-қатер, мінез-құлық.
- Сыңарлары антонимдес: оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін.
- Бір сыңары мағынасыз: бала-шаға, киім-кешек, көрші-қолаң, жоқ-жітік.
- Екі сыңары да мағынасыз: анда-санда, қым-қуыт, ту-талақай, тым-тырақай.
- Сыңарлары әртүрлі сөздер: ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа.
3. Қысқарған сөз
Қысқарған сөз — күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.
| Қысқарған | Толық түрі |
|---|---|
| ТМД | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы |
| ҚазҰМУ | Қазақ Ұлттық Медицина университеті |
| ұжымшар | ұжымдық шаруашылық |
| кг | килограмм |
Қысқарған сөздің жасалу жолдары:
- Әрбір сөздің тек бірінші дыбыстарынан: ТМД, БҰҰ, АҚШ.
- Алғашқы сөздің бірінші буыны мен қалған сөздердің бірінші дыбыстарынан: ҚазҰПУ, ҚазҰМУ.
- Әрбір сөздің бірінші буындарынан: кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар, физмат.
- Алғашқы сөздің бірінші буыны мен келесі сөздің түбір күйінде: пединститут, медколледж, медпункт.
- Өлшем бірліктерінің қысқаруы: см, кг.
4. Тіркескен сөз
Тіркескен сөз — екі немесе одан көп сөз тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөз.
| Түрі | Мысал |
|---|---|
| Күрделі зат есім | Алматы қаласы, мәдениет сарайы |
| Күрделі сын есім | қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы |
| Күрделі сан есім | он бес, екі жүз сексен |
| Күрделі етістік | келіп отыр, деп айтты |
| Күрделі үстеу | күні бойы, ала жаздай |
Тіркескен сөздің екі түрі бар:
Қосымша · Жұрнақ
Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар: жұрнақ және жалғау.
Сөз тудырушы жұрнақ
Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына береді.
Сөз түрлендіруші жұрнақ
Сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді.
Жалғаулар
Жалғаулар сөздерді байланыстырады. Олардың 4 түрі бар:
1. Көптік жалғауы
Көптік мағына береді: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғаулары негізінен зат есімдерге жалғанады.
2. Тәуелдік жалғауы
Меншіктілікті білдіреді.
| Жақ | Жекеше (оңаша тәуелдену) | Көпше (ортақ тәуелдену) |
|---|---|---|
| I | -м, -ым, -ім менің досым | -мыз, -ымыз, -міз, -іміз біздің досымыз |
| II | -ң, -ың, -ің сенің досың -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз сіздің досыңыз | -ларың, -лерің, -дарың… сендердің достарың -ларыңыз, -леріңіз… сіздердің достарыңыз |
| III | -сы, -сі, -ы, -і оның досы | -сы, -сі, -ы, -і олардың достары |
3. Септік жалғауы
Септік жалғаулары сөздерді байланыстырады. Қазақ тілінде 7 септік бар.
| № | Септік | Сұрағы | Жалғауы | Мысал |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Атау | кім? не? | жоқ | мектеп |
| 2 | Ілік | кімнің? ненің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің | мектептің |
| 3 | Барыс | кімге? неге? | -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не | мектепке |
| 4 | Табыс | кімді? нені? | -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н | мектепті |
| 5 | Жатыс | кімде? неде? | -да, -де, -та, -те, -нда, -нде | мектепте |
| 6 | Шығыс | кімнен? неден? | -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен | мектептен |
| 7 | Көмектес | кіммен? немен? | -мен, -бен, -пен (-менен, -бенен, -пенен) | мектеппен |
Септіктердің мағыналары
- Ілік — заттың екінші затқа тәуелді/қатысты екенін: Қайраттың кітабы, алма ағашы.
- Барыс — қимылдың бағытын, мақсатын: Алматыға кетті; кітап алуға кетті.
- Табыс — объектіні: Мен сөмкені алдым.
- Жатыс — мекендік, мезгілдік мағына: қалада тұрады; жазда келеді.
- Шығыс — іс-қимылдың шыққан орнын, себебін: әкемнен алма алдым.
- Көмектес — амал, ортақтасу: атпен келдім; әкеммен сөйлестім.
4. Жіктік жалғауы
Жіктік жалғауы — жақты білдіреді. Ол етістікке де, есім сөздерге де жалғанады.
| Жақ | Есім сөздің жіктелуі | Етістіктің жіктелуі |
|---|---|---|
| Мен | дәрігермін | келемін, келдім |
| Сен / Сіз | дәрігерсің / дәрігерсіз | келесің, келдің / келесіз, келдіңіз |
| Ол | дәрігер | келеді, келді |
| Біз | дәрігерміз | келеміз, келдік |
| Сендер / Сіздер | дәрігерсіңдер / дәрігерсіздер | келесіңдер, келдіңдер / келесіздер, келдіңіздер |
| Олар | дәрігерлер | келеді, келді |
Білімді тексеру — 30 сұрақ
Барлық сұраққа жауап беріп, «Нәтижені тексеру» түймесін бас. Дұрыс/бұрыс және сәйкестендіру автоматты тексеріледі, сұрақ-жауап бөлімінде үлгі жауап көрсетіледі.
Әр ұғымға сәйкес анықтаманы тізімнен таңда.